
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
Монитордың жұмысын жақсарту және оның жұмыс істеу мерзімін ұзарту үшін:
●
Монитордың корпусын ашпаңыз немесе оны өзіңіз жөндеуге әрекет жасамаңыз. Пайдалану
жөніндегі нұсқауларда көрсетілген басқару элементтерін ғана реттеңіз. Егер монитор
дұрыс жұмыс істемесе, құлап түссе немесе зақымдалса, өкілетті HP дилеріне, сатушыға
немесе қызмет көрсетушіге хабарласыңыз
.
●
Бұл монитор үшін тек монитордың жапсырмасында немесе артқы тақтасында көрсетілген
тиісті қуат көзі мен қосылымды пайдаланыңыз.
●
Электр розеткасына қосылатын құрылғылардың жалпы номиналды тогы розетканың
номиналды тогынан аспауы керек және қуат сымына қосылған құрылғылардың жалпы
номиналды тогы қуат сымының номиналды көрсеткішінен аспауы керек. Әрбір құрылғының
номиналды тогын (ампер немесе А) анықтау үшін қуат жапсырмасын қараңыз.
●
Мониторды оңай қол жеткізуге болатын розетканың жанына орнатыңыз. Мониторды ашаны
берік ұстап
, розеткадан тарту арқылы ажыратыңыз. Ешқашан мониторды сымынан тартып
ажыратпаңыз.
●
Пайдаланбаған кезде мониторды өшіріңіз. Экран сақтағыш бағдарламасын пайдалану және
пайдаланылмаған кезде мониторды өшіріп қою арқылы монитордың жұмыс істеу мерзімін
айтарлықтай арттыруға болады.
ЕСКЕРТПЕ: HP кепілдігі «қалдық кескіні» бар мониторларды қамтымайды.
●
Корпустағы ойықтар мен тесіктер желдетуге арналған. Бұл тесіктерді бітеуге немесе
жабуға болмайды
. Корпус ойықтарына немесе басқа тесіктерге ешқашан ешқандай зат
салмаңыз.
●
Мониторды түсіріп алмаңыз немесе тұрақсыз бетке қоймаңыз.
●
Қуат сымының үстіне ештеңе қоймаңыз. Сымды баспаңыз.
●
Мониторды жақсы желдетілетін жерде, шамадан тыс жарықтан, жылудан немесе ылғалдан
алыста ұстаңыз.
●
Монитор тірегін шығарғанда, оның бетінің тырналуын, зақымдалуын немесе бұзылуын
болдырмау үшін мониторды бетін төмен қаратып жұмсақ бетке қою керек.
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары
3
Kommentare zu diesen Handbüchern