
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
Бағдарламалық құралды пайдалану
My Display
бағдарламалық құралын ашу үшін:
●
Тапсырмалар тақтасындағы HP My Display белгішесін басыңыз.
Немесе
●
Тапсырмалар тақтасындағы Windows Пуск (Бастау) ™ басыңыз және Барлық
бағдарламалар > HP My Display > HP My Display тармағын таңдаңыз.
Қосымша ақпаратты бағдарламалық құрал экранындағы Анықтама бөлімінен қараңыз.
Бағдарламалық құралды жүктеу
My Display
бағдарламалық құралын жүктеп алу үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
1. Қажетті ел және тілді таңдау үшін, http://www.hp.com/support сілтемесін ашыңыз.
2. Drivers & Downloads (драйверлер мен жүктеулер) бөлімін таңдаңыз, монитор үлгісін Find
by product (өнім бойынша іздеу) терезесіне жазыңыз, одан кейін Go (кірісу) пәрменін
басыңыз.
3. Қажет болса, мониторды тізімнен таңдаңыз.
4. Амалдық жүйеңізді таңдаңыз.
5. Утилиталар мен аспаптар тізімін ашу үшін Utility - Tools (утилиталар мен аспаптар) бөлімін
басыңыз
.
6. HP My Display түймесін басыңыз.
7. System Requirements (жүйе талаптары) айдарын басып, жүйеңіздің бағдарламаның ең аз
талаптарына жауап беретінін тексеріңіз.
8. Загрузить (Жүктеу) пәрменін басыңыз да, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындап,
My
Display
бағдарламалық құралын жүктеңіз.
HP Display Assistant
бағдарламалық құралын пайдалану
(таңдаулы үлгілерде)
HP Display Assistant
бағдарламасы кескінді баптау процесінде түсінікті нұсқаулар беретін және
монитордың әрбір басқару элементіне арналған фондық үлгілерді беретін утилита болып
табылады. Көп пайдаланушы ортада дисплей параметрлерін оңай таңдауға немесе жалғыз
пайдаланушыға мазмұн мен қоршаған орта жарығына қарай алдын ала орнатылған бірнеше
параметрді пайдалануға мүмкіндік бере отырып, әрбір пайдаланушы үшін сақтауға болатын
дисплей параметрлерін теңшеуге болады.
Бағдарламалық құралды орнату
Бағдарламалық құралды орнату үшін:
18
4-тарау Мониторды пайдалану
Kommentare zu diesen Handbüchern