
ә Қолдау және ақаулықтарды жою
Жиі кездесетін проблемаларды шешу
Келесі кестеде болуы мүмкін ақаулар, әрбір ақаудың ықтимал себебі және ақауды жою үшін
ұсынылатын әдістер көрсетілген.
Ақау Ықтимал себебі Ақауды жою әдісі
Экран бос немесе бейне
жыпылықтайды.
Қуат сымы ажыратылған. Қуат сымын қосыңыз.
Қуат түймесі өшірілген. Алдыңғы тақтадағы қуат түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Қуат түймесі блокталған болса, қуат
түймесін блоктау функциясын өшіру үшін қуат
түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
Бейне кабелі дұрыс қосылмаған. Бейне кабелін дұрыс қосыңыз. Қосымша ақпарат алу
үшін Кабельдерді қосу (7-бет) бөлімін қараңыз.
Жүйе ұйқы режимінде. Экранды өшіру бағдарламасын өшіру үшін
пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз немесе
тінтуірді жылжытыңыз.
Бейне картасының үйлесімділігі. Экрандық мәзірді ашып, Input Control (Кірісті басқару)
мәзірін таңдаңыз. Auto-Switch Input (Кірісті автоматты
ауыстыру) параметрін Выкл. (Өшіру) мәніне қойып,
кірісті қолмен таңдаңыз.
Кескін тым күңгірттенеді. Жарықтық тым төмен. Экрандағы дисплей мәзірін ашып, Яркость
(Жарықтық) тармағын таңдаңыз да, жарықтық
шкаласын сәйкесінше реттеңіз.
Экранда Бейне кабелін
тексеріңіз хабары пайда
болады.
Монитордың бейне кабелі
ажыратылған.
Компьютерден келетін тиісті бейне сигналы кабельін
мониторға жалғаңыз. Бейне кабелін қосып жатқанда
компьютер қуаты өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.
Кіріс сигналы
диапазоннан тыс хабары
экранда пайда болады.
Бейне ажыратымдылығы және/
немесе жаңарту жиілігі монитор
қолдайтын мәннен жоғарырақ
мәнге қойылған.
Параметрлерді қолдау көрсетілетін параметрлерге
өзгертіңіз (Алдын ала орнатылған дисплей
ажыратымдылығын тану (23-бет) қараңыз).
Монитор өшірілген, бірақ
ол қуат аз
пайдаланылатын ұйқы
режиміне өтпейді.
Монитордың энергияны үнемдеу
режимі ажыратылған.
Экран дисплейі мәзірін ашыңыз және Управление
питанием (Қуатты басқару) > Aвто режим сна
(Автоматты ұйқы режимі) опциясын таңдап, автоматты
ұйқы мүмкіндігін Вкл. (Қосу) күйіне қойыңыз.
Экрандық мәзір
блокталған хабары
көрсетіледі.
Монитордың экрандық мәзірді
блоктау функциясы іске
қосылған.
Экрандағы дисплейді бөгеу функциясын ажырату
үшін монитордың оң жағындағы Меню (Мәзір)
түймесін 10 секунд басып тұрыңыз.
Қуат түймесін блоктау
хабары көрсетіледі.
Монитордың қуат түймесін
блоктау функциясы іске
қосылған.
Қуат түймешігін бөгеуден шығару үшін Қуат түймесін
10 секунд бойы басып тұрыңыз.
26
ә қосымшасы Қолдау және ақаулықтарды жою
Kommentare zu diesen Handbüchern