
5. Автоматты түрде реттеу бағдарламасын ашу тармағын таңдаңыз. Орнату сынақ үлгісі
көрінеді.
6. Түймелерді іске қосу үшін монитордың оң жағындағы үш түйменің біреуін басыңыз.
7. Тұрақты, ортада орналасқан кескінге қол жеткізу үшін, монитордың оң жағындағы
Автоматты реттеу түймесін басыңыз.
8. Сынақ үлгісінен шығу үшін пернетақтадағы ESC пернесін немесе кез келген басқа пернені
басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Автоматты түрде реттеу сынақ үлгісі утилитасын http://www.hp.com/support
сайтынан жүктеуге болады.
Кескін өнімділігін оңтайландыру (VGA аналогтық кірісі)
Кескін сапасын жақсарту үшін экран дисплейіндегі екі басқару элементін реттеуге болады:
Сағат пен фаза (OSD мәзірінде қол жетімді).
ЕСКЕРТПЕ: Сағат және фазаны басқару элементтерін аналогтық (VGA) кірісті пайдаланғанда
ғана реттеуге болады. Сандық кірістер үшін бұл басқару элементтері реттелмейді.
Алдымен сағатты дұрыс орнату керек, себебі сағат фазасының параметрлері негізгі сағат
параметріне тәуелді болады. Бұл басқару элементтерін автоматты түрде реттеу функциясы
қолайлы кескінді қамтамасыз етпеген жағдайда ғана пайдаланыңыз
.
●
Синхроимпульс — Экран фонында көрінетін кез келген тік жолақтарды барынша азайту
үшін мәнді үлкейтеді/кішірейтеді.
●
Phase(Фаза) — Бейненің жыпылықтауын немесе көмескілігін барынша азайту үшін мәнді
үлкейтеді/кішірейтеді.
ЕСКЕРТПЕ: Басқару элементтерін пайдаланғанда, дискіде берілген автоматты түрде реттеу
қызметін пайдалану арқылы ең жақсы нәтижелерді аласыз.
Сағат және фаза мәндерін реттегенде монитордағы кескіндер бұзылса, мәндерді реттеуді
кескіндер жөнделгенше жалғастыра беріңіз. Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру үшін,
Меню (Мәзір) түймесін басыңыз және OSD ішіндегі Управление (Басқару) > Сброс заводских
настроек (Зауыттық параметрлерді ысыру) > Да (Иә) тармағын таңдаңыз.
Тік жолақтарды жою үшін (Синхроимпульс):
28
ә қосымшасы Қолдау және ақаулықтарды жою
Kommentare zu diesen Handbüchern