
4
Мониторды пайдалану
Бағдарламалық құрал және утилиталар
Монитормен бірге берілетін дискіде компьютерге орнатуға болатын файлдар бар:
●
.INF (Ақпарат) файлы
●
ICM (Image Color Matching) файлдары (әрбір калибрленген түс кеңістігі үшін бір файл)
(таңдаулы үлгілерде)
●
My Display
бағдарламалық құралы (таңдаулы үлгілерде)
●
HP Display Assistant
бағдарламалық құралы (таңдаулы үлгілерде)
Ақпарат файлы
.INF файлы монитордың компьютердің графикалық адаптерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету
үшін Microsoft Windows операциялық жүйелері пайдаланатын монитор ресурстарын
сипаттайды.
Бұл монитор Microsoft Windows Plug and Play жүйесімен үйлесімді және монитор .INF файлын
орнатпай-ақ дұрыс жұмыс істейді. Монитордың «Plug and Play» жүйесімен үйлесімділігі
компьютердің графикалық картасы VESA DDC2 стандартымен үйлесімді болуын және
монитордың тікелей графикалық картаға қосылуын қажет етеді. «Plug and Play» жүйесі жеке
BNC коннекторлары немесе тарату буферлері/қораптары арқылы жұмыс істемейді.
ICM файлы (таңдаулы үлгілерде)
.ICM файлдары монитор экранынан принтерге немесе сканерден монитор экранына тиісті
түстерді сәйкестеуді қамтамасыз ету үшін графикалық бағдарламалармен бірге
пайдаланылатын деректер файлдары болып табылады. Бұл файл осы функцияны қолдайтын
графикалық бағдарламалардың ішінен іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: ICM түстер профилі Түс жөніндегі халықаралық консорциумның (ICC) профиль
пішімі спецификациясына сәйкес жазылады.
.INF және .ICM файлдарын орнату
ЕСКЕРТПЕ: ICM файлдары таңдаулы үлгілерде ғана бар.
Жаңарту қажет болғанда, .INF және .ICM файлдарын дискіден орнатуға немесе оларды жүктеп
алуға болады.
Дискіден орнату
.INF және .ICM файлдарын компьютерге дискіден орнату үшін:
1. Дискіні компьютердің CD-ROM дискіенгізгісіне салыңыз. Диск мәзірі көрсетіледі.
2. HP Monitor Software Information (HP мониторындағы компьютерлік бағдарлама) файлын
қараңыз.
16
4-тарау Мониторды пайдалану
Kommentare zu diesen Handbüchern