HP EliteDisplay S270c 27-in Curved Display Bedienungsanleitung Seite 25

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 37
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 24
1. Ықшам дискіні компьютердің диск ұясына салыңыз. Диск мәзірі көрсетіледі.
2. Тілді таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл опция бағдарламаны орнатқанда қолданылатын тілді таңдайды.
Бағдарламаның тілі амалдық жүйе тілі арқылы анықталады.
3. Install HP Display Assistant Utility (HP Display Assistant утилитасын орнату) опциясын
басыңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
Бағдарламалық құралды пайдалану
HP Display Assistant
бағдарламалық құралын ашу үшін:
Тапсырмалар тақтасындағы немесе жұмыс үстеліндегі HP Display Assistant белгішесін
басыңыз.
Немесе
Тапсырмалар тақтасындағы Windows Пуск (Бастау) басыңыз және Барлық
бағдарламалар > HP Display Assistant > HP Display Assistant тармағын таңдаңыз.
Немесе
Жұмыс үстелін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Tune Display (Дисплей
параметрлерін реттеу) опциясын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат алу үшін монитормен бірге берілген ықшам дискідегі
HP Display Assistant
пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Бағдарламалық құралды жүктеу
HP Display Assistant
бағдарламалық құралын жүктеп алу үшін төмендегі нұсқауларды
орындаңыз.
1. Қажетті ел және тілді таңдау үшін, http://www.hp.com/support сілтемесін ашыңыз.
2. Drivers & Downloads (драйверлер мен жүктеулер) бөлімін таңдаңыз, монитор үлгісін Find
by product
(өнім бойынша іздеу) терезесіне жазыңыз, одан кейін Go (кірісу) пәрменін
басыңыз.
3. Қажет болса, мониторды тізімнен таңдаңыз.
4. Амалдық жүйеңізді таңдаңыз.
5. Утилиталар мен аспаптар тізімін ашу үшін Utility - Tools (утилиталар мен аспаптар) бөлімін
басыңыз.
6. HP Display Assistant Utility (HP Display Assistant утилитасы) опциясын басыңыз.
7. System Requirements (жүйе талаптары) айдарын басып, жүйеңіздің бағдарламаның ең аз
талаптарына жауап беретінін тексеріңіз.
8. Download (жүктеу) пәрменін басыңыз, одан кейін экрандағы нұқсауларды орындап,
HP
Display Assistant
бағдарламалық құралын жүктеп алыңыз.
HP Display Assistant бағдарламалық құралын пайдалану (таңдаулы үлгілерде)
19
Seitenansicht 24
1 2 ... 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 ... 36 37

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare