HP EliteBook Folio 1040 G2 Notebook PC Bedienungsanleitung Seite 46

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 68
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 45
Қағаз орамал сияқты талшықты материалдар компьютерге сызат түсіруі мүмкін. Уақыт өткенде,
кір және тазалағыш заттар сызаттарды бітеуі мүмкін.
Тазалау іс рәсімдері
Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды компьютерді қауіпсіз тазалау үшін орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалуын болдырмау үшін, токқа қосулы
компьютерді тазаламаңыз.
Компьютерді өшіріңіз.
Айнымалы ток көзінен ажыратыңыз.
Токқа қосылатын сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, тазалағыш заттар немесе сұйықтықтарды
компьютер беткейіне тікелей шашпаңыз. Бетіне түскен сұйықтықтар ішкі бөліктердің зақым
алуына әкелуі мүмкін.
Дисплейді тазалау (көп қызметті компьютерлерде немесе ноутбуктерде)
Дисплейді спирті жоқ әйнек тазалағышқа суланған жұмсақ түксіз матамен абайлап сүртіңіз.
Дисплейді жаппас бұрын оның құрғақ болғандығына көз жеткізіңіз.
Құрылғының жақтары немесе қақпағын тазалау
Құрылғының жақтары немесе қақпағын тазалау үшін, бұрын аталған тазалау сұйықтықтарының
біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны, күдеріні немесе бір рет пайдаланылатын
антисептикалық майлықты пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердің қақпағынан кір және қалдықтарды тазалау кезінде шеңбер бойынша
жылжытыңыз.
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток соғуды болдырмай немесе ішкі бөліктеріне зақым келтірмей тазалау
үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. Шаңсорғышты қолданғанда пернетақта бетіне тұрмыстық
қалдықтар жиналып қалуы мүмкін.
ЕСКЕРТУ: Ішкі бөліктерді зақымдамау үшін, сұйықтықтардың пернелер арасына тамшылап
түсуіне жол бермеңіз.
Сенсорлы тақта, пернетақта немесе тінтуірді тазалау үшін, бұрын аталған тазалау
сұйықтықтарының біреуіне суланған жұмсақ микроталшық матаны
, күдеріні немесе бір рет
пайдаланылатын зарарсыздандырғыш майлықты пайдаланыңыз.
Пернелердің жабысуын болдырмау және пернелердің астында орналасқан шаңды, түктерді
және қалдықтарды тазалау үшін қысылған ауамен пернетақтаны үріңіз.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір
кеңестерін жадыңызда сақтаңыз.
Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау:
38
7-тарау Компьютерге техникалық қызмет көрсету
Seitenansicht 45
1 2 ... 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 ... 67 68

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare