
4
Пернетақтаны және меңзегіш
құрылғыларды пайдалану
Компьютер экранда пернетақта және меңзегіш құрал арқылы оңай шарлауға мүмкіндік береді.
Таңдаулы үлгілердегі әрекет пернелері немесе пернелер тіркесімдері жалпы тапсырмаларды
орындауға мүмкіндік береді. Сенсорлы тақта арқылы экрандағы функциялар сыртқы тінтуір
түймешіктері сияқты жұмыс істейді.
Меңзегіш құрылғы параметрлерін қарау және қажетті параметрлерді таңдау үшін
1. Үстіңгі тақтаның оң жақ шетінде орналасқан Меню системы (Жүйе мәзірі) белгішесін
басыңыз
, одан кейін Настройки системы (Жүйе параметрлері) параметрін таңдаңыз.
2. Мышь и сенсорная панель (Тінтуір және сенсорлы тақта) түймешігін басыңыз.
Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Еліңізге/аймағыңызға байланысты, пернетақтаның пернелері мен пернетақта
функциялары осы бөлімде сипатталғаннан өзгешелеу болуы мүмкін.
Әрекет пернелерін пайдалану
Перненің тағайындалған функциясын іске қосу үшін пернені басыңыз. f1 мен f12 аралығындағы
пернелерде көрсетілген белгішелер сол пернеге тағайындалған функцияны білдіреді. Әдетте,
f5 пернесі файлдар шолғышын іске қосады және Главная (Басты) қалтасының мазмұнын
көрсетеді.
ЕСКЕРТПЕ: Бұл бөлімде көптеген модельдерге әрекеттер пернелері сипатталған. Кейбір
әрекеттер пернелері компьютеріңізде болмауы мүмкін.
Әрекет пернесінің функциясын пайдалану үшін, пернені басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Setup Utility құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателер
компьютердің жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Әрекет пернесі функциясы зауытта қосылады. Бұл мүмкіндікті Setup Utility (BIOS) құралында
ажыратуға болады. Setup Utility (BIOS) тармағын ашуға қатысты нұсқаулар алу үшін, Setup Utility
(BIOS) және HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) пайдалану (45-бет) бөлімін көріп, экранның
төменгі жағындағы нұсқауларды орындаңыз
.
Әрекет пернелер мүмкіндігін өшіргеннен кейін, қажет әрекетті орындау үшін тиісті әрекет
пернесін fn пернесімен бірге басуға болады.
Белгіше Сипаттама
Руководство пользователя рабочего стола
Ubuntu
(Ubuntu жұмыс үстеліндегі
нұсқаулықты) ашады.
Бұл пернені басып тұрғанда экран жарықтығы қадам бойынша төмендетіледі.
Әрекет пернелерін пайдалану
17
Kommentare zu diesen Handbüchern