
6
Ақпаратты басқару және бөлісу
Диск жетектері — ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге және қол жеткізуге мүмкіндік беретін
сандық сақтау құрылғылары немесе қатты күйдегі дискілер. Компьютердің ішінде
бағдарламалық құралдар және амалдық жүйе сақталатын және жеке файлдарыңызды сақтауға
мүмкіндік беретін қатты диск бар. Сонымен қатар, кейбір компьютерлерде CD немесе DVD
дискілерінен оқуға не жазуға мүмкіндік беретін ішкі оптикалық диск жетегі болады.
Қосымша сыйымдылық не функциялар орындау мақсатында тікелей телефоннан не камерадан
ақпаратты импорттау үшін, оптикалық немесе қатты диск сияқты сыртқы диск жетегін (бөлек
сатылады) жалғаңыз немесе сандық жад картасын салыңыз. Компьютердің USB портына
жалғанған USB флэш жетегі де деректерді жылдам тасымалдауға мүмкіндік береді. Кейбір
құрылғылар жұмыс істеу үшін компьютердің қуатын пайдаланады. Ал кейбіреулерінің жеке қуат
көздері болады. Кейбір құрылғылардың орнатылатын бағдарламалық құралдары болады.
ЕСКЕРТПЕ: Сыртқы сымсыз құрылғыларды қосу туралы ақпаратты Желіге қосылу (4-бет)
бөлімінен қараңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Керекті бағдарламалық құрал мен диск жетектері туралы ақпарат алу үшін
немесе компьютердің қолданылатын портын білу үшін өндіруші нұсқауларын қараңыз.
USB құрылғысын пайдалану
Компьютерлердің көбінде USB пернетақтасы, тінтуір, сыртқы диск жетегі, принтер, сканер
немесе USB хабы сияқты сыртқы құрылғылардың бірнеше түрін қосуға қолданылатын
жабдықтың интерфейсі болып табылатын бірнеше порт болады.
Компьютерде USB портының бірнеше түрі бар болуы мүмкін. Компьютермен үйлесімді
құрылғыларды сатып алу керек.
Түрі Сипаттама
USB 2.0
Деректерді 60 МБ/с жылдамдықпен тасымалдайды.
USB 3.0
Деректерді 640 МБ/с жылдамдықпен тасымалдайды.
SuperSpeed деп те аталатын USB 3.0 порттары USB 1.0
және 2.0 құрылғыларымен үйлесімді.
30
6-тарау Ақпаратты басқару және бөлісу
Kommentare zu diesen Handbüchern