HP Folio 13 Notebook PC (ENERGY STAR) Bedienungsanleitung Seite 80

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 100
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 79
Setup Utility (BIOS) утилитасында жылжу жəне таңдау
Setup Utility (BIOS) утилитасында жылжу жəне таңдау үшін, мына қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
Мəзір немесе мəзір элементін таңдау үшін, tab жəне пернетақтаның көрсеткі
пернелерін пайдаланып, enter пернесін басыңыз.
Жоғары жəне төмен жылжу
үшін, жоғары көрсеткі пернесін немесе төмен көрсеткі
пернесін басыңыз.
Ашық тұрған тілқатысу терезесін жабу жəне басты Setup Utility (BIOS) экранына оралу
үшін, esc пернесін басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
2. Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру үшін, f10 пернесін басыңыз.
Setup Utility (BIOS) мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін таңдаңыз:
Setup Utility (BIOS) мəзірлерінен өзгерістерді сақтамастан шығу үшін, esc пернесін басыңыз
да, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Exit (Шығу) > Exit Discarding Changes (Өзгерістерді
қабылдамай шығу) тармағын таңдаңыз да, enter пернесін басыңыз.
немесе
Өзгерісті сақтап Setup Utility (BIOS) мəзірлерінен шығу үшін, f10 пернесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен Exit (Шығу) > Exit Saving Changes (Өзгерістерді сақтап
шығу) тармағын таңдаңыз да, enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер
қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
Жүйе ақпаратын көрсету
1. Setup Utility (BIOS) утилитасын қосыңыз.
2. Main (Негізгі) мəзірін таңдаңыз. Жүйе уақыты жəне күн сияқты жүйе ақпаратын жəне
компьютер туралы анықтау ақпаратын көрсетеді.
3. Setup Utility (BIOS) утилитасынан параметрлерді өзгертпестен шығу үшін, көрсеткі
пернелері көмегімен Exit (Шығу) > Exit Discarding Changes (Өзгерістерді қабылдамай
шығу) тармағын таңдап, enter пернесін басыңыз.
70 Бап 11 Setup Utility (BIOS) жəне System Diagnostics
Seitenansicht 79
1 2 ... 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 ... 99 100

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare