HP Folio 13 Notebook PC (ENERGY STAR) Bedienungsanleitung Seite 72

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 100
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 71
Жүйені қалпына келтіру
Қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда, жүйені зауыттық кескініне қалпына келтіру үшін
қалпына келтіру дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-жадын пайдалану қажет.
Теориялық тұрғыдан, HP Recovery Manager құралы бағдарламалық құрал орнатылғаннан кейін
бұл дискілерді жасау үшін дереу пайдаланылған.
ЕСКЕРІМ: «Қатты диск» термині осы нұсқаулықта қатты күйдегі дискіні (SSD) білдіреді
Егер қатты диск ақаулығынан басқа себептермен жүйені бастапқы қалпына келтіру керек болса,
бұны қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру флэш-жадын пайдаланбастан, HP
қалпына келтіру бөлімі арқылы жасауға болады. Қалпына келтіру дискілерінің бар екенін
тексеру үшін, Пуск (Бастау) түймешігін басып, Компьютер тармағын тінтуірдің оң жақ
түймешігімен басыңыз да, Управление (Басқару) пəрменін, одан кейін
Управление дисками
(Дисктерді басқару) тармағын таңдаңыз. Егер қалпына келтіру бөлімі бар болса, қалпына
келтіру дискісі терезедегі тізімде көрсетіледі.
ЕСКЕРТУ: HP Recovery Manager (бөлім немесе дискілер/флэш-жад) бағдарламалық құралы
зауытта алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдарды ғана қалпына келтіреді.
Компьютермен берілмеген бағдарламалық құралды қолмен қалпына келтіру керек.
Қалпына келтіру дискілерін жасау
НР компаниясы қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда немесе компьютерді қалпына
келтіру бөлімінің құралдарын пайдалану арқылы қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда
компьютерді бастапқы зауыттық күйіне келтіре алуға сенімді болуыңыз үшін қалпына келтіру
дискілерінің жинағын немесе қалпына келтіру флэш-дискісін жасауға кеңес береді. Бұл
дискілерді немесе флэш-дискіні компьютердің параметрлерін алғаш орнатқаннан кейін
жасаңыз.
ЕСКЕРІМ: HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қалпына келтіру дискілерінің тек бір
жинағын немесе бір қалпына келтіру флэш-жадын жасауға мүмкіндік береді. Бұл қалпына
келтіру құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Қосымша оптикалық дискіні (бөлек сатылады) қалпына келтіру дискілерін жасау
үшін пайдалануға немесе компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін НР веб-торабынан
сатып алуға болады. Егер сыртқы оптикалық диск жетегі пайдаланылса, ол USB концентраторы
сияқты сыртқы құрылғыдағы USB портына емес, компьютердегі USB портына жалғануы тиіс.
Нұсқаулар:
Сапасы жоғары DVD-R, DVD+R, DVD-R DL немесе DVD+R DL дискілерін сатып алыңыз.
ЕСКЕРІМ: CD-RW, DVD±RW, қос қабатты DVD±RW дискілері жəне BD-RE (жазылатын
Blu-ray) дискілері сияқты оқу-жазу дискілері Recovery Manager бағдарламалық құралымен
үйлеспейді.
Бұл үрдіс барысында компьютер айнымалы ток қуат көзіне жалғанған болуы қажет.
Бір компьютерде қалпына келтіру дискілерінің тек бір жинағын немесе бір қалпына келтіру
флэш-дискісін жасауға болады.
62 Бап 10 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына келтіру
Seitenansicht 71
1 2 ... 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 ... 99 100

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare