HP Folio 13 Notebook PC (ENERGY STAR) Bedienungsanleitung Seite 53

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 100
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 52
немесе
Хабарландыру аймағындағы қуат өлшегіштің белгішесі төмен немесе өте төмен заряд
деңгейі туралы хабарландыру береді.
ЕСКЕРІМ: Қуат өлшегіші туралы қосымша ақпарат алу үшін «Қуат өлшегішін пайдалану»
бөлімін қараңыз.
Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі əрекеттерді орындайды:
Күту күйі қосылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда,
компьютер күту күйін іске қосады.
Күту күйі ажыратылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқы күйінде болғанда,
компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді жəне одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған
ақпарат жоғалады.
Төмен батарея деңгейін шешу
Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу
Айнымалы ток адаптерін қосыңыз.
Қосымша қондыру немесе кеңейту құрылғысын жалғаңыз.
НР компаниясынан қосалқы құрал ретінде сатып алынатын қосымша қуат адаптерін
қосыңыз.
Ешқандай қуат көзі болмағанда төмен батарея деңгейін шешу
Күту күйін қосыңыз.
Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
Компьютер күту күйінен шыға алмайтын кезде төмен батарея деңгейін шешу
Күту күйінен шығу үшін компьютерде қажетті қуат жетпеген кезде, осы қадамдарды орындаңыз:
1. Айнымалы ток адаптерін компьютер мен сыртқы қуат көзіне жалғаңыз.
2. Қуат түймешігін басып күту күйінен шығыңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
Айнымалы ток көзіне қосылу туралы қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі Орнату
нұсқаулары постерінен қараңыз.
Бекітілген АТ адаптері немесе қосымша қондыру/кеңейту құрылғысы арқылы сыртқы АТ қуаты
көзіне жалғанған компьютер батарея қуатымен жұмыс істемейді.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін,
компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін
ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток
адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз:
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану 43
Seitenansicht 52
1 2 ... 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 ... 99 100

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare