HP ENVY 4528 All-in-One Printer Bedienungsanleitung Seite 28

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 89
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 27
ЕСКЕРТПЕ: Кейбір сканерлеу функциялары HP бағдарламалық құралын орнатқаннан кейін ғана қол
жетімді болады.
Компьютерге сканерлеу
Веб-сканерлеу көмегімен сканерлеу
Сканерлеу параметрлерін өзгерту (Windows)
Жаңа сканерлеу таңбашасын жасау (Windows)
Компьютерге сканерлеу
Компьютерге сканерлемес бұрын HP принтерінің ұсынылған бағдарламалық құралы
орнатылғандығын тексеріңіз. Принтер мен компьютер жалғанған және қосулы болуы қажет.
Қосымша, Windows компьютерлерінде сканерлеуге қатысты принтердің бағдарламалық құралын іске
қосу қажет.
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігін қосу (Windows)
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігі зауыттық параметрде қосылады. Мүмкіндік өшірулі болса және
оны қайта қосу қажет болса, осы нұсқауларды орындаңыз.
1. Операциялық жүйеге байланысты HP принтерінің бағдарламалық құралын ашу үшін келесі
әрекеттердің бірін орындаңыз:
Windows 8.1: Бастау терезесінің сол жақ төменгі бұрышындағы төмен көрсеткіні басып,
принтер атауын таңдаңыз да, Қызметтік бағдарламалар түймесін басыңыз.
Windows 8: Бастау терезесіндегі бос орынды тінтуірдің оң жағымен басып, бағдарламалар
жолағындағы Барлық бағдарламалар түймесін басып, Қызметтік бағдарламалар түймесін
басыңыз.
Windows XP, Windows Vista және Windows 7: Компьютердің жұмыс үстелінде Пуск (Бастау)
түймесін басыңыз, Все программыарлық бағдарламалар) белгішесін таңдаңыз, HP
түймесін басып, принтердің қалтасын басыңыз.
2. Сканерлеу бөлімінде Сканерлеуді компьютерден басқару параметрін таңдаңыз.
3. Қосу түймесін басыңыз.
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігін қосу (OS X)
Компьютерге сканерлеу мүмкіндігі зауыттық параметрде қосылады. Мүмкіндік өшірулі болса және
оны қайта қосу қажет болса, осы нұсқауларды орындаңыз.
1. HP қызметтік бағдарламасын ашыңыз.
2. Сканерлеу параметрлері тармағында Компьютерге сканерлеу түймесін басыңыз.
3. Компьютерге сканерлеуді қосу параметрі таңдалғанын тексеріңіз.
Принтер басқару тақтасынан түпнұсқаны сканерлеу
1. Түпнұсқаны сканер әйнегінің алдыңғы оң жақ бұрышына төмен қаратып жүктеңіз.
2. Сканерлеу түймесін басыңыз.
3. Сканерлеу қажет компьютерді басыңыз.
24 4-тарау Көшіру және сканерлеу KKWW
Seitenansicht 27
1 2 ... 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 ... 88 89

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare