
Ұйқы режимі
●
Ұйқы режимінде қуатты тұтыну азайтылады.
●
Принтерді бастапқы баптаудан кейін принтер белсенсіз күйде бес минут болғаннан кейін ұйқы
режиміне өтеді.
●
Ұйқы режиміне өтуге дейінгі уақытта басқар тақтасынан өзгертуге болады.
Ұйқы режимі уақытын орнату
1.
Басты экранда ( Теңшеу ) түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер Главная (Басты) экранын көрмесеңіз, Главная (Басты) түймешігін басыңыз.
2. Қуат басқару белгішесін түртіңіз.
3. Ұйқы белгішесін түртіңіз.
4. 5 минуттан кейін, 10 минуттан кейін немесе 15 минуттан кейін параметрін түртіңіз.
Автоматты түрде өшіру
Бұл функция қуаттың тұтынылуын үнемдеуге көмектесу мақсатында принтерді 2 сағаттан кейін
өшіріледі. Автоматты түрде өшіру параметрі принтерді толығымен өшіреді, сондықтан принтерді
қайта қосу үшін «Қуат» түймесін басу қажет. Егер принтер осы қуат үнемдеу мүмкіндігіне қолдау
көрсетсе, Автоматты түрде өшіру параметрі принтердің мүмкіндіктеріне және қосылым
параметрлеріне байланысты автоматты түрде қосады немесе өшіреді. Автоматты түрде өшіру
параметрі өшірулі болғанмен, тұтынатын қуатты үнемдеуге көмектесу үшін көрсетілген уақыт
аралығында қозғалыссыз тұрғаннан кейін принтер Ұйқы режиміне өтеді.
●
Автоматты түрде өшіру параметрі егер принтерде желі немесе факспен жіберу мүмкіндігі болмаса
не осы мүмкіндіктерді пайдаланбаса, принтер қосылған кезде іске қосылады.
●
Автоматты түрде өшіру параметрі принтердің сымсыз не Wi-Fi Direct мүмкіндігі қосылғанда
немесе факспен жіберу мүмкіндігі бар, USB не Ethernet желі мүмкіндігі факс, USB не Ethernet желі
байланысын орнатқанда өшіріледі.
Тыныш режим
Тыныш режимі жалпы шуды азайту мақсатында басып шығаруды жылдамдығын азайтады, бірақ
оның сапасына әсер етпейді. Тыныш режимі тек қарапайым қағазға Қалыпты басып шығару
сапасымен басып шығару кезінде ғана жұмыс істейді. Басып шығару шуын азайту үшін, Тыныш
режимін қосыңыз. Қалыпты жылдамдықпен басып шығару үшін, Тыныш режимін өшіріңіз. Тыныш
режимі әдепкі бойынша өшірулі болады.
ЕСКЕРТПЕ: Тыныш режимінде қарапайым қағазға Жоба немесе Ең жақсы басып шығару сапасымен
басып шығарсаңыз немесе фотосуреттерді не хатқалталарды басып шығарсаңыз, принтер Тыныш
режимі өшірулі кездегідей жұмыс істейді.
Принтер басқару тақтасынан Тыныш режимді қосу немесе өшіру
1. Басты экранда Теңшеу белгішесін түртіңіз.
2. Басымдықтар түймесін түртіңіз.
3. Тыныш режим бөлімінің қасындағы Қосу немесе Өшірулі белгішесін түртіңіз.
12 2-тарау Жұмысқа кіріскенде KKWW
Kommentare zu diesen Handbüchern