HP ZBook Studio G3 Mobile Workstation (ENERGY STAR) Bedienungsanleitung Seite 81

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 89
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 80
11 HP PC Hardware Diagnostics (UEFI)
HP PC Hardware Diagnostics – бірыңғай кеңейтілетін ішкі бағдарламалық құрал интерфейсі (UEFI). Бұл
құрал компьютердің аппараттық құралдарының дұрыс жұмыс істейтінін анықтау үшін
диагностикалық сынақтарды жүргізуге мүмкіндік береді. Құрал амалдық жүйенің сыртында жұмыс
істейді және амалдық жүйенің өзі немесе басқа бағдарламалық құралдар бөліктері туындауы мүмкін
аппараттық құралдың ақаулықтарын бөлектейді
.
ЕСКЕРТПЕ: Өзгертпелі компьютерде BIOS құралын бастау үшін компьютерді ноутбук режиміне
ауыстырып, планшетке тіркелген пернетақтаны пайдаланыңыз. Планшет режимінде көрсетілетін
экрандағы пернетақта көмегімен BIOS құралын ашу мүмкін емес.
HP PC Hardware Diagnostics UEFI пайдалану үшін
1. BIOS бастау үшін
Пернетақтасы бар компьютерлер немесе планшеттерді пайдалану кезінде:
Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін тез басып
қалыңыз.
Пернетақтасы жоқ планшеттерді пайдалану кезінде:
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және дыбысты азайту түймесін тез
басып ұстап тұрыңыз.
– немесе –
Планшетті қосып немесе өшіріп қайта бастаңыз және Windows түймесін тез басып ұстап
тұрыңыз.
2. f2 пернесін басыңыз немесе түртіңіз.
BIOS бағдарламасы диагностикалық құралдарды үш орыннан төмендегі тәртіпте іздейді:
а. Қосылған USB диск жетегі
ЕСКЕРТПЕ: HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB диск жетегіне жүктеу туралы
ақпаратты HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу (69-бет)
бөлімінен қараңыз.
ә. Қатты диск
б. BIOS
3. Диагностикалау құралы ашылғанда, орындалатын диагностикалық сынақтың түрін таңдаңыз
және экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Диагностикалық сынақты тоқтату үшін планшетте
дыбыс деңгейін төмендету түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер диагностикалық сынақты пернетақта көмегімен тоқтату қажет болса, esc пернесін
басыңыз.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB
құрылғысына жүктеу
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеуге арналған екі тәсіл бар.
HP PC Hardware Diagnostics (UEFI) құралын USB құрылғысына жүктеу 69
Seitenansicht 80
1 2 ... 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare