HP Stream 11 Pro G2 Notebook PC Bedienungsanleitung Seite 68

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 75
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 67
бойынша қызмет көрсету телефондары) кітапшасын қараңыз. Байланыс ақпаратын HP веб-
сайтынан да қарауға болады. http://www.hp.com/support мекен-жайын ашып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager бағдарламалық құралы арқылы жеке мәліметтердің
сақтық көшірмесі автоматты түрде жасалмайды. Қалпына келтіруге кіріспес бұрын, сақтағыңыз
келетін кез келген жеке мәліметтеріңіздің сақтық көшірмесін жасаңыз.
HP Recovery бөлімін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
HP Recovery бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) қалпына келтіру дискілерін немесе қалпына келтіру USB
флэш-жадын пайдаланбастан Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін береді. Қалпына келтірудің бұл
түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда пайдалану мүмкін болады.
HP Recovery Manager бағдарламасын HP Recovery бөлімінен іске қосу үшін:
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Планшет пайдалану кезінде, келесі әрекеттерді орындамас бұрын пернетақта
қондырмасына тіркеңіз (таңдаулы үлгілерде ғана).
1. Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз.
– немесе –
Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз.
2. Жүктеу опцияларының мәзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын
таңдаңыз.
3. Менеджер восстановления (Қалпына келтіру басқарушысы) тармағын таңдаңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
HP жүйені қалпына келтіру құралы көмегімен қалпына келтіру
Түпнұсқалық жүйені қалпына келтіру үшін, НР қалпына келтіру дискісін пайдалана аласыз. Бұл әдісті
амалдық жүйеде HP Recovery (HP қалпына келтіру) бөлімі болмаған кезде немесе қатты диск дұрыс
істемей тұрған жағдайда пайдалануға болады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Жасалған НР қалпына келтіру медиа дискісін салып, компьютерді өшіріп қайта қосыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде қайта
қоспаса, компьютердің жүктелу тәртібін өзгертіңіз. Компьютердің жүктеу ретін өзгерту (58-бет)
бөлімін қараңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктеу ретін өзгерту
Егер HP Recovery Manager бағдарламалық құралы арқылы компьютер қайта басталмаса, компьютер
бастау туралы ақпаратты іздейтін BIOS бағдарламасындағы құрылғылар реті болып табылатын
компьютердің жүктеу тәртібін өзгерте аласыз. Оптикалық диск немесе USB флэш-дискісі үшін таңдау
ретін өзгертуге болады.
Жүктеу тәртібін өзгерту үшін
1. Сіз жасаған НР қалпына келтіру дискісін компьютерге салыңыз.
2. Жүктеу опцияларын көрсету үшін, компьютерді өшіріп қайта бастаңыз және esc пернесін тез
басып қалып, f9 пернесін басыңыз.
58 10-тарау Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару және қалпына келтіру
Seitenansicht 67
1 2 ... 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare