
5 Экранда шарлау
Компьютер экраны бойынша келесі әдістермен жылжуға болады:
●
Түрту қимылдары
●
Пернетақта және тінтуір
Түрту қимылдарын компьютеріңіздің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы
үлгілерде) қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін (бөлек
сатылады) пайдалана аласыз.
Кейбір компьютер үлгілерінде жиі жасалатын тапсырмаларды орындауға арналған арнайы әрекет
пернелері немесе функциялық пернелер болады.
Кейбір компьютер үлгілерінде кірістірілген сандық пернетақта болуы мүмкін.
Сенсорлы тақтаны және қимылдарды пайдалану
Сенсорлы тақта қарапайым саусақ қозғалыстарымен компьютер экранында оңай жылжуға мүмкіндік
береді. Параметрлер, түймешік конфигурациялары, басу жылдамдығы мен меңзер опцияларын
өзгерту арқылы сенсорлы тақтаның қимылдарын қалауыңыз бойынша реттеуге болады. Сенсорлы
тақта қимылдарының мысалдарын көруіңізге болады.
Бастау экранына панель управления (басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления (Басқару
тақтасы
) белгішесін басыңыз және Оборудование и звук (Аппараттық құрал және дыбыс) параметрін
таңдаңыз. Устройства и принтеры (Құрылғылар және принтерлер) тізімінен Мышь (Тінтуір) тармағын
таңдаңыз.
КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол және оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сәйкес түймешіктері
сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРТПЕ: Сенсорлы тақта қимылдарына бағдарламалардың барлығында қолдау көрсетіле
бермейді.
28 5-тарау Экранда шарлау
Kommentare zu diesen Handbüchern