
3 Қолдау және ақаулықтарды жою
Жиі кездесетін проблемаларды шешу
Келесі кестеде болуы мүмкін ақаулар, әрбір ақаудың ықтимал себебі және ақауды жою үшін
ұсынылатын әдістер көрсетілген.
Ақау Ықтимал себебі Ақауды жою әдісі
Экран бос немесе бейне
жыпылықтайды.
Қуат сымы ажыратылған. Қуат сымын қосыңыз.
Қуат түймесі өшірілген. Монитор алдындағы қуат түймесін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер қуат түймесін басу әсер етпесе, Қуат
түймесін құлыптау мүмкіндігін ажырату үшін Қуат
түймесін 10 секунд басып тұрыңыз.
Бейне кабелі дұрыс қосылмаған. Бейне кабелін дұрыс қосыңыз. Толығырақ ақпарат үшін,
Кабельдерді қосу (5-бет) бөлімін қараңыз.
Жүйе ұйқы режимінде. Экранды өшіру бағдарламасын өшіру үшін
пернетақтадағы кез келген пернені басыңыз немесе
тінтуірді жылжытыңыз.
Бейне картасы үйлесімді емес. Экрандық мәзірді ашып, Управление входом (Кірісті
басқару) мәзірін таңдаңыз. Входное автоматическое
переключение источника (Кірісті автоматты ауыстыру)
параметрін Выкл. (Өшіру) мәніне қойып, кірісті қолмен
таңдаңыз.
Кескін анық емес немесе
тым күңгірт болып көрінеді.
Жарықтық параметрі тым төмен. Экрандағы дисплей мәзірін ашып, Яркость (Жарықтық)
тармағын таңдаңыз да, жарықтық шкаласын сәйкесінше
реттеңіз.
Экранда Бейне кабелін
тексеріңіз хабары пайда
болады.
Монитордың бейне кабелі
ажыратылған.
Компьютерден келетін тиісті бейне сигналы кабельін
мониторға жалғаңыз. Бейне кабелін қосып жатқанда
компьютер қуаты өшірулі екеніне көз жеткізіңіз.
Кіріс сигналы диапазоннан
тыс хабары экранда пайда
болады.
Бейне ажыратымдылығы және/
немесе жаңарту жиілігі монитор
қолдайтын мәннен жоғарырақ
мәнге қойылған.
Параметрлерді қолдау көрсетілетін параметрлерге
өзгертіңіз. Мәлімет алу үшін Алдын-ала орнатылған
дисплей ажыратымдылықтары (20-бет) қараңыз.
Монитор өшірілген, бірақ ол
қуат аз пайдаланылатын
ұйқы режиміне өтпейді.
Монитордың энергияны үнемдеу
режимі ажыратылған.
Экран дисплейі мәзірін ашыңыз және Управление
питанием (Қуатты басқару), Aвто режим сна (Автоматты
ұйқы режимі) опциясын таңдап, автоматты ұйқы
мүмкіндігін Вкл. (Қосу) күйіне қойыңыз.
Экрандық мәзір
блокталған хабары
көрсетіледі.
Монитордың экрандық мәзірді
блоктау функциясы іске қосылған.
Экрандық дисплейді құлыптау функциясын ажырату үшін
монитор бүйіріндегі Мәзір түймесін 10 секунд басып
тұрыңыз.
Қуат түймесін блоктау
хабары көрсетіледі.
Монитордың қуат түймесін блоктау
функциясы іске қосылған.
Қуат түймесі функциясының құлпын ашу үшін монитор
алдындағы қуат түймесін 10 секунд бойы басып тұрыңыз.
14 3-тарау Қолдау және ақаулықтарды жою
Kommentare zu diesen Handbüchern