
My Display бағдарламалық құралын пайдалану
Оңтайлы көрініс параметрлерін таңдау үшін My Display бағдарламалық құралын пайдаланыңыз. Ойын,
фильмдер, фотосурет өңдеу немесе жәй ғана құжаттар мен электрондық кестелерде жұмыс істеу үшін
пайдалана аласыз. My Display бағдарламалық құралының көмегімен жарықтық, түс және контраст
сияқты параметрлерді оңай реттеуге болады.
Бағдарламалық құралды жүктеу
My Display бағдарламалық құралын жүктеп алу үшін төмендегі нұсқауларды орындаңыз.
1. http://www.hp.com/support сілтемесіне өтіңіз.
2. Бағдарламалық құрал мен драйверлерді алу опциясын таңдаңыз және монитор үлгісін іздеңіз.
3. Қажет болса, мониторды тізімнен таңдаңыз.
4. Амалдық жүйе автоматты түрде анықталмаса, оны таңдаңыз.
5. Утилиталар мен аспаптар тізімін ашу үшін Утилита - Инструменты (Утилиталар мен аспаптар)
бөлімін басыңыз.
6. HP My Display түймесін басыңыз.
7. Загрузить (Жүктеу) пәрменін басыңыз да, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындап, My
Display бағдарламалық құралын жүктеңіз.
Бағдарламалық құралды пайдалану
My Display бағдарламалық құралын ашу үшін:
1. Тапсырмалар тақтасындағы HP My Display белгішесін басыңыз.
Немесе
Тапсырмалар тақтасындағы Windows Start түймесін басыңыз.
2. Барлық бағдарламалар түймесін басыңыз.
3. HP My Display түймесін басыңыз.
4. HP My Display опциясын таңдаңыз.
Қосымша ақпарат бойынша бағдарламалық құрал ішіндегі экрандық Анықтама бөлімін қараңыз.
Экрандағы дисплей (OSD) мәзірін пайдалану
Таңдаулы параметрлер негізінде экран кескінін реттеу үшін экрандық дисплей мәзірін пайдаланыңыз.
Монитордың оң жағындағы Функция түймелері немесе қашықтан басқару құралындағы түймелер
арқылы экрандық дисплей мәзіріне кіріп, реттеу жасауға болады.
OSD мәзіріне кіріп, тиісті реттеулерді жасау үшін келесілерді орындаңыз:
1. Егер монитор әлі қосылмаған болса, оны қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2. OSD мәзіріне кіру үшін монитордың оң жағындағы Меню (Мәзір) түймесін басыңыз.
3. Экрандық дисплей мәзірін шолу үшін жоғары айналдыру мақсатында монитордың оң жағындағы
+ (Қосу) түймесін немесе төмен айналдыру мақсатында – (Алу) түймесін басыңыз.
4. Экрандық мәзірден элемент таңдау үшін + немесе – түймесін пайдаланып оған өтіңіз және оны
бөлектеңіз, содан кейін сол функцияны таңдау үшін Меню (Мәзір) түймесін басыңыз.
12 2-тарау Мониторды пайдалану
Kommentare zu diesen Handbüchern