
Өнім мүмкіндіктері мен құрамдастары
Ерекшеліктер
Бұл өнім компьютер ойындарын экрандағы суреттер өзгергенде тегіс, жылдам, көзді шаршатпайтын
ойнау мүмкіндігін беретін AMD FreeSync тексеруінен өткен монитор болып табылады. Дисплейге
жалғанған сыртқы көзде FreeSync драйвері орнатылған болуы керек.
AMD FreeSync технологиясы монитордың жаңарту жиілігін графикалық картаның кадрлар жиілігіне
құлыптау арқылы ойындар мен бейнелердегі үзілістер мен көріністердің бөлінуін азайтуға арналған.
Компонент не жүйенің тиісті мүмкіндіктерін білу үшін өндірушімен хабарласыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: DisplayPort/HDMI Adaptive-Sync мүмкіндігіне ие AMD Radeon Graphics және/не
AMD A-Series APU-үйлесімді дисплейлері қажет. HDMI арқылы FreeSync қолдауы үшін AMD 15.11
Crimson драйвері (немесе жаңа нұсқасы) талап етіледі.
ЕСКЕРТПЕ: Бейімделген жаңарту жиіліктері дисплейге байланысты әртүрлі болады. Қосымша
ақпаратты www.amd.com/freesync сілтемесінен алыңыз.
Дисплейде FreeSync мүмкіндігі іске қосу мақсатында экрандық дисплей мәзірін ашу үшін монитордағы
Меню (Мәзір) түймесін басыңыз. Управление цветом (Түстерді басқару), Режимы просмотра (Көру
режимдері) бөлімдерін таңдап, содан кейін Gaming-FreeSync бөлімін таңдаңыз.
Жарық шығарғыш диод (LED) жарықтандырғышы бар дисплей белсенді матрицамен және AMVA+
панелімен жабдықталған. Дисплейдің мүмкіндіктері:
●
Көру аймағының диагоналі 68,47 см (27 дюйм) дисплейдің ажыратымдылығы 2560 x 1440 QHD
шамасын құрайды, төменгі ажыратымдылық үшін толық экран мүмкіндігіне қолдау көрсетіледі
●
Мониторды отырып немесе тұрып көру, немесе монитордың бір жағынан екінші жағына қозғала
отырып көру бұрышына реттеу мүмкіндігі
●
PLS технологиясы біртұтастығын сақтайтын түстермен кең көру бұрышы мүмкіндіктерін ұсынады
●
HDMI (High-Denition Multimedia Interface) бейне кірісі (2)
●
DisplayPort бейне кірісі
●
Амалдық жүйе қолдау көрсетсе, Plug and Play (Қосу және ойнату) мүмкіндігі
●
Экрандық дисплей реттеулерін оңай орнатып, экранды оңтайландыру үшін 10 тілде берілген
●
My Display бағдарламалық құралы монитор параметрлерін Windows жүйесі арқылы реттейді
●
Сандық кірістерде HDCP (High-bandwidth Digital Content Protection) қолданылады
●
Дисплейді қабырғаға бекіту құрылғысына немесе ілгекке тағуға арналған VESA қабырға
кронштейні
●
Тегіс, жылдам, экрандағы суреттер өзгергенде көзді шаршатпайтын компьютер ойындарын
ойнау мүмкіндігін беретін AMD FreeSync тексеруінен өткен
ЕСКЕРТПЕ: Қауіпсіздік және құқықтық ақпарат алу үшін құжаттама жинағындағы Өнім ескертулері
бөлімін қараңыз. Өніміңіз үшін пайдаланушы нұсқаулары мен нұсқаулықтарын ашу үшін
http://www.hp.com/support веб-сайтына кіріңіз. Найдите свое устройство (Құрылғыңызды табыңыз)
қойыншасын таңдаңыз, одан кейін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
2 1-тарау Жұмысқа кірісу
Kommentare zu diesen Handbüchern