
Дисплейдегі көк шам шығысын реттеу үшін:
1. Режим просмотра (Көру режимі) түймесін басыңыз.
2. Қажетті параметрді таңдаңыз:
●
Слабый синий цвет (Төменгі көк шам): TUV сертификатына ие. Көзге жайлылығын жақсарту
үшін көк шамды азайтады
●
Чтение (Оқу): Көк шам мен жарықтықты іште көру үшін оңтайландырады
●
Ночной (Түнгі): Ең төменгі көк шамға реттейді және ұйқыға әсерін азайтады
3. Параметрді сақтап, Режим просмотра (Көру режимі) мәзірін жабу үшін Сохранить и Вернуть
(Сақтау және қайту) опциясын таңдаңыз. Параметрді сақтағыңыз келмесе, Отмена (Бас тарту)
опциясын таңдаңыз.
4. Негізгі мәзірден Выход (Шығу) опциясын таңдаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Адамға қатты жарақат келтіру қатерін азайту үшін Қауіпсіз және қолайлы жұмыс
жасау нұсқаулығын оқыңыз. Онда дұрыс жұмыс станциясы, орнату, дұрыс қалыпты сақтау және
компьютер пайдаланушылары үшін денсаулықты сақтау және дұрыс жұмыс істеу ережелері
сипатталған, сонымен қатар, электр және механикалық қауіпсіздік туралы маңызды ақпарат берілген.
Бұл нұсқаулық http://www.hp.com/ergo веб-торабында орналасқан.
Aвто ұйқы режимін қолдану
Монитор Автоматический переход в спящий режим (Aвто ұйқы режимі) деп аталатын OSD (экран
мәзірі дисплейі) опциясын қолдайды, ол арқылы дисплейдің қуат күйін азайту функциясын қосуға
немесе өшіруге болады. Автоматический переход в спящий режим (Авто ұйқы режимі) қосылып тұрса
(әдепкі күйі бойынша), монитор қосылып тұрған компьютер төмен қуат сигналын бергенде (көлденең
немесе тік синхронды сигналдың болмауы), қуат үнемдеу күйіне енеді.
Монитор қуат үнемдеу режиміне енгенде оның экраны бос болады, артқы жарығы өшеді және жарық
диодты шамы сары түске айналады. Монитор қуат үнемдеу күйінде 0,5 В-тан кем қуат қолданады.
Басты компьютер мониторға белсенділік сигналын жібергенде, монитор ұйқы режимінен оянады
(мысалы, сіз тінтуірді немесе пернетақтаны қозғағаныңызда).
Экран дисплейінде Авто ұйқы режимін ажырата аласыз. Экрандық дисплейді ашу үшін артқы
тақтадағы Меню (Мәзір) түймесін басыңыз. Экрандық дисплейде Управления питанием (Қуат басқару)
опциясын таңдаңыз. Автоматический переход в спящий режим (Автоматты ұйқы режимі) опциясын
таңдап, Выкл (Өшіру) күйін таңдаңыз.
Aвто ұйқы режимін қолдану 15
Kommentare zu diesen Handbüchern