
Мониторды тазалау
1. Мониторды өшіріңіз және қуат сымын айнымалы ток розеткасынан ажыратыңыз.
2. Монитордың экраны мен корпусын жұмсақ, таза антистатикалық шүберекпен сүртіңіз.
3. Күрделірек тазалау жағдайларында 50/50 қатынасында су мен изопропил спиртінің қоспасын
пайдаланыңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Шүберекке тазалағыш затты сеуіп, экран бетін ылғал шүберекпен жайлап
сүртіңіз. Тазалағыш затты ешқашан тікелей экран бетіне сеппеңіз. Ол жақтаудың артына өтіп,
электрониканы зақымдауы мүмкін.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Монитордың экранын немесе корпусын тазалау үшін бензин, сұйылтқыш
немесе қандай да ұшпа зат сияқты ешбір мұнай негізінде жасалған тазалағыш заттарды қолданбаңыз.
Бұл химиялық заттар мониторды зақымдауы мүмкін.
Мониторды тасымалдау
Бастапқы қорапты сақтап қойыңыз. Ол кейінірек мониторды жылжытқанда немесе тасымалдағанда
қажет болуы мүмкін.
Техникалық қызмет көрсету нұсқаулары 23
Kommentare zu diesen Handbüchern