
2 Мониторды пайдалану
Бағдарламалық құрал және утилиталар
NVIDIA басқару тақтасының бағдарламалық құралын http://www.geforce.com/drivers ішінен жүктеп алу
және орнату керек. NVIDIA G-SYNC мүмкіндігін пайдалану үшін G-SYNC үйлесімді графикалық карта
болуы керек
. Үйлесімді карталар тізімін http://www.geforce.com/hardware/technology/g-sync/supported-
gpus мекенжайынан алуға болады.
Монитормен бірге оптикалық дискі берілсе, оның ішінде компьютерге орнатуға болатын файлдар
болады. Оптикалық дискі болмаса, файлдарды http://www.hp.com/support сілтемесінен жүктеп алуға
болады.
●
INF (Ақпарат) файлы
●
ICM (Image Color Matching) файлдары (әрбір калибрленген түс қойындысы үшін бір файл)
G-SYNC құралын қосу
G-SYNC мүмкіндігіне мониторды қосу үшін:
1. Windows® жұмыс үстелін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, NVIDIA басқару тақтасы
опциясын таңдаңыз.
2. Сол жақтағы сілтемелерден Дисплей опциясын таңдаңыз және G-SYNC орнату опциясын
таңдаңыз.
3. G-SYNC қосу деп аталатын жолақты белгілеңіз.
Ақпарат файлы
INF файлы монитордың компьютердің графикалық адаптерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін
Windows операциялық жүйелері пайдаланатын монитор ресурстарын сипаттайды.
Бұл монитор Windows «Plug and Play» жүйесімен үйлесімді және монитор INF файлын орнатпай-ақ
дұрыс жұмыс істейді. Монитордың «Plug and Play» жүйесімен үйлесімділігі компьютердің графикалық
картасы VESA DDC2 стандартымен үйлесімді болуын және монитордың тікелей графикалық картаға
қосылуын қажет етеді. «Plug and Play» жүйесі жеке BNC коннекторлары немесе тарату буферлері/
қораптары арқылы жұмыс істемейді.
Сурет түстерін сәйкестендіру файлы
ICM файлдары монитор экранынан принтерге немесе сканерден монитор экранына тиісті түстерді
сәйкестеуді қамтамасыз ету үшін графикалық бағдарламалармен бірге пайдаланылатын деректер
файлдары болып табылады. Бұл файл осы функцияны қолдайтын графикалық бағдарламалардың
ішінен іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: ICM түстер профилі Түс жөніндегі халықаралық консорциумның (ICC) профиль пішімі
спецификациясына сәйкес жазылады.
INF және ICM файлдарын орнату
Жаңарту керектігін анықтағаннан кейін файлдарды орнатудың келесі әдістерінің бірін пайдаланыңыз.
Бағдарламалық құрал және утилиталар 15
Kommentare zu diesen Handbüchern