HP OMEN X 35 Curved Display Bedienungsanleitung Seite 23

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 33
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 22
.inf және .icm файлдарын орнату
Жаңарту қажет болған кезде .inf және .icm файлдарын оптикалық дискіден (бірге берілген болса)
орнатуға немесе оларды жүктеп алуға болады.
Оптикалық дискіден орнату (кейбір аймақтарда қолжетімді)
.inf және .icm файлдарын компьютерге оптикалық дискіден (бірген берілген болса) орнату үшін:
1. Оптикалық дискіні компьютердің оптикалық дискі жетегіне салыңыз. Оптикалық диск мәзірі
көрсетіледі.
2. Информация о программном обеспечении монитора HP (HP мониторындағы компьютерлік
бағдарлама) файлын қараңыз.
3. Монитор драйвері бағдарламасын орнату тармағын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Windows дисплейді басқару тақтасында ажыратымдылық пен жаңарту жиіліктерінің дұрыс
мәндері көрсетілетініне көз жеткізіңіз.
Вебторап арқылы жүктеу
Егер компьютердің немесе негізгі құрылғының оптикалық дискі болмаса, HP мониторларын қолдау
вебторабынан .inf және .icm файлдарын жүктеп алуыңызға болады.
1. http://www.hp.com/support веб-торабына өтіңіз.
2. Бағдарламалық жасақтаманы және драйверлерді алу пәрменін таңдаңыз.
3. Мониторыңызды таңдау және бағдарламалық құралды жүктеу үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Экрандағы дисплей (OSD) мәзірін пайдалану
Экрандағы кескінді өзіңіздің қалауыңыз бойынша реттеу үшін экрандағы дисплей (OSD) мәзірін
пайдаланыңыз. Монитордың оң жағындағы түймелерді пайдаланып OSD ішіне кіріп, тиісті реттеулерді
жасауға болады.
Экрандағы дисплейге кіріп, тиісті реттеулерді жасау үшін:
1. Егер монитор әлі қосылмаған болса, оны қосу үшін қуат түймесін басыңыз.
2. OSD мәзіріне кіру үшін монитордың оң жағындағы Меню (Мәзір) түймесін басыңыз.
3. Экрандық дисплей мәзірін шолу үшін жоғары айналдыру үшін монитор бүйіріндегі Қосу түймесін
немесе төмен айналдыру үшін Алу түймесін басыңыз.
4. Экрандық дисплей мәзірінен элементті таңдау үшін Қосу немесе Алу түймесін пайдаланып, оған
өтіңіз және оны бөлектеңіз, содан кейін сол функцияны таңдау үшін Меню (Мәзір) түймесін
басыңыз.
5. Масштабты реттеу үшін Қосу немесе Алу түймелері арқылы элементті реттеңіз.
6. Функцияны реттегеннен кейін, параметрді сақтау үшін OK түймесін басып, Негізгі мәзірден Шығу
опциясын таңдаңыз.
.inf және .icm файлдарын орнату 17
Seitenansicht 22
1 2 ... 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 ... 32 33

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare