HP DreamColor Z32x Professional Display Bedienungsanleitung Seite 27

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 40
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 26
4 Мониторды пайдалану
Бағдарламалық құрал және утилиталар
Монитормен бірге берілетін дискіде компьютерге орнатуға болатын файлдар бар:
.INF (Ақпарат) файлы
ICM (Image Color Matching) файлдары (әрбір калибрленген түс қойындысы үшін бір файл)
Ақпарат файлы
.INF файлы монитордың компьютердің графикалық адаптерімен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін
Microsoft Windows операциялық жүйелері пайдаланатын монитор ресурстарын сипаттайды.
Бұл монитор Microsoft Windows Plug and Play жүйесімен үйлесімді және монитор .INF файлын орнатпай-
ақ дұрыс жұмыс істейді. Монитордың «Plug and Play» жүйесімен үйлесімділігі компьютердің
графикалық картасы VESA DDC2 стандартымен үйлесімді болуын және монитордың тікелей
графикалық картаға қосылуын қажет етеді. «Plug and Play» жүйесі жеке BNC коннекторлары немесе
тарату буферлері/қораптары арқылы
жұмыс істемейді.
Сурет түстерін сәйкестендіру файлы
.ICM файлдары монитор экранынан принтерге немесе сканерден монитор экранына тиісті түстерді
сәйкестеуді қамтамасыз ету үшін графикалық бағдарламалармен бірге пайдаланылатын деректер
файлдары болып табылады. Бұл файл осы функцияны қолдайтын графикалық бағдарламалардың
ішінен іске қосылады.
ЕСКЕРТПЕ: ICM түстер профилі Түс жөніндегі халықаралық консорциумның (ICC) профиль пішімі
спецификациясына сәйкес жазылады.
.INF және .ICM файлдарын орнату
Жаңарту қажет болғанда, .INF және .ICM файлдарын дискіден орнатуға немесе оларды жүктеп алуға
болады.
Дискіден орнату
.INF және .ICM файлдарын компьютерге дискіден орнату үшін:
1. Дискіні компьютердің CD-ROM дискіенгізгісіне салыңыз. Диск мәзірі көрсетіледі.
2. HP Monitor Software Information (HP мониторындағы компьютерлік бағдарлама) файлын
қараңыз.
3. Монитор драйвері бағдарламасын орнату тармағын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Windows дисплейді басқару тақтасында ажыратымдылық пен жаңарту жиіліктерінің дұрыс
мәндері көрсетілетініне көз жеткізіңіз.
Бағдарламалық құрал және утилиталар 21
Seitenansicht 26
1 2 ... 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 ... 39 40

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare