
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау
Екі саусақ көмегімен қысып масштабтау қимылдары суретті немесе мәтінді кішірейтуге немесе
үлкейтуге мүмкіндік береді.
● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранға арасын алшақ
қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
● Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақта аймағында немесе сенсорлы экранда бірге қойып,
олардың арасын ашыңыз.
Екі саусақпен сырғыту
(тек сенсорлы тақтада)
Екі саусақты сырғыту қимылын бетте немесе кескінде жоғары, төмен қарай немесе жан-жаққа
жылжыту үшін пайдаланыңыз.
● Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен,
сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Екі саусақпен (тек сенсорлы тақтада) түрту
Экрандағы нысан мәзірін ашу үшін екі саусақпен түртуді пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Екі саусақ көмегімен түрту қимылы тінтуірдің оң жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
● Сенсорлы тақта аймағын екі саусақ көмегімен түртіп, таңдалған нысанның опциялар мәзірін
ашыңыз.
26 5-тарау Экранда шарлау
Kommentare zu diesen Handbüchern