
Дисплей автоматты түрде сигнал кірістерінде қосылған кіріс бар-жоғын қарап шығады және көрсету
үшін сол кірісті пайдаланады. Егер екі немесе одан көп кіріс белсенді болғанда, дисплей әдепкі кіріс
көзін көрсетеді. Белсенді дерек көзі белсенді кірістердің бірі болмаса, дисплей ең жоғары
басымдылыққа ие кірісті көрсетеді. Экран дисплейінде кіріс көзін таңдай аласыз. Түймешіктерді
белсендіру үшін тақтадағы түймелердің бірін басыңыз, содан кейін экран дисплейін ашу үшін
Открыть меню (Мәзірді ашу) түймесін басыңыз. Экран дисплейінде Видео вход (Бейне кірісі) опциясын
таңдаңыз және қалаған кіріс көзін таңдаңыз.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: USB-C кірісі бейне кірісі үшін қолмен таңдалуы керек. Бейне кірісі үшін USB-C
таңдалғаннан кейін, HDMI және DisplayPort кірістерін автоматты сканерлеу өшіріледі.
HP су белгісі мен қалдық бейне тәртібі
IPS дисплей үлгілері ультра-кең көлемді көру бұрыштары мен жетілдірілген бейне сапасын
қамтамасыз ететін IPS (жазықтық ауыстыру) дисплей технологиясымен жасалған. IPS дисплейлерін
түрлі жетілдірілген бейне сапасына арналған бағдарламалармен қолдануға жарамды. Бұл панель
технологиясы статикалық, стационарлық немесе тұрақты бейнелерді ұзақ уақыт аралығында экран
қорғаушысын қолданбай көрсетететін бағдарламалармен қолдануға жарамайды. Бұндай
бағдарламалардың қатарына камера бақылаушы, видео ойнындар, сауда логолары және экранда
ұзақ уақыт ойнатылатын үлгілер жатады. Тұрақты кескіндер дисплей экранында дақ немесе су
таңбалары сияқты көрінуі мүмкін кескінді сақтау зақымына әкелуі мүмкін.
Дисплейді 24 сағат қолдану нәтижесінде пайда болатын бейне ақаулықтары HP кепілдемесінде
аталмаған. Бейне ақаулықтарын болдырмау үшін қолданыстан тыс кезде дисплейді өшіріп қойыңыз
немесе, егер жүйеде жабдықталған болса, қуат басқару параметрін қолданыстан тыс кезде
мониторды өшіру қызметіне қойыңыз.
USB құрылғыларын жалғау
Дисплейде төрт төмен ағынды USB ұясы бар (екеуі артында және екеуі бүйірінде).
ЕСКЕРТПЕ: Дисплейдегі USB порттарын іске қосу үшін, USB хаб кабелімен (USB Type-B немесе USB
Type-C) дисплейді компьютерге жалғау керек.
16 1-тарау Жұмысқа кірісу
Kommentare zu diesen Handbüchern