HP ZBook x2 G4 Detachable Workstation Bedienungsanleitung Seite 87

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 100
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 86
11 Computer Setup (BIOS), TPM және HP Sure
Start
Computer Setup пайдалану
Computer Setup немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс және шығыс
құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір және принтер) арасындағы
байланысты басқарады. Computer Setup ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері,
компьютердің жүктелу реті және жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
ЕСКЕРТПЕ: Computer Setup құралына өзгертулер енгізу кезінде сақ болыңыз. Қателер компьютердің
жұмысына кедергі келтіруі мүмкін.
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасын бастау
Планшетті өшіріңіз. Бастау мәзірі экранға шыққанша, қуат түймесін басып, дыбыс деңгейін азайту
түймешігін тез басыңыз және ұстап тұрыңыз, одан кейін BIOS Setup (BIOS орнату) мәзіріне кіру
үшін F10 пернесін түртіңіз.
Computer Setup утилитасында жылжу және таңдау
Мәзірді немесе мәзір пәрменін таңдау үшін, tab пернесін және пернетақтаның көрсеткі пернелерін
пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе пәрменді таңдау үшін меңзегіш
құрылғыны пайдаланыңыз.
Жоғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не төмен
көрсеткілерді пайдаланыңыз немесе пернетақтадағы жоғары не төмен көрсеткі пернелерін
басыңыз.
Ашық тұрған тілқатысу терезесін жабу және басты Computer Setup экранына оралу үшін, esc
пернесін басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, төмендегі әдістердің біреуін пайдаланыңыз:
Өзгертулерді сақтамай Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін, мына әрекеттер орындаңыз:
Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Exit (Шығу) белгішесін таңдаңыз және экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Ignore Changes and Exit (Өзгерістерді сақтамай шығу)
опциясын таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Енгізілген өзгертулерді сақтау және Computer Setup мәзірлерінен шығу үшін
Экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Saveақтау) белгішесін басып, экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
– немесе –
Main (Негізгі) опциясын, одан кейін Save Changes and Exit (Өзгерістерді сақтап шығу) опциясын
таңдаңыз және enter пернесін басыңыз.
Computer Setup пайдалану 77
Seitenansicht 86
1 2 ... 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 ... 99 100

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare