HP ZBook Studio G4 Base Model Mobile Workstation Bedienungsanleitung Seite 49

  • Herunterladen
  • Zu meinen Handbüchern hinzufügen
  • Drucken
  • Seite
    / 93
  • Inhaltsverzeichnis
  • LESEZEICHEN
  • Bewertet. / 5. Basierend auf Kundenbewertungen
Seitenansicht 48
ЕСКЕРТПЕ: Егер ұйқылық режимнен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса,
жұмысты жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Күту режимін іске қосу және шығу (тек таңдаулы өнімдерде)
Пайдаланушы арқылы қосылатын күту күйін қосу және басқа қуат параметрлері мен күту үзілістерін
өзгерту үшін «Қуат параметрлері» пәрменін пайдаланыңыз.
1. Тапсырмалар тақтасының іздеу жолағында электропитание (қуат параметрлері) сөзін жазып,
одан кейін Электропитание (Қуат параметрлері) тармағын таңдаңыз.
– немесе –
Қуат белгішесін тінтуірдің оң жағымен басып, Қуат параметрлері түймесін басыңыз.
2. Сол жақ аумақта Қуат түймелерінің әрекетін таңдау (сөзі өнімге қарай әр түрлі болуы мүмкін)
пәрменін таңдаңыз.
3. Өнімге қарай батарея қуаты немесе сыртқы қуат үшін Күту режимін мына жолдардың біреуімен
қосуға болады:
Қуат түймесіҚуат пен ұйқы түймелері және қақпақ параметрлері астында (сөзі өнімге
қарай әр түрлі болуы мүмкін) Қуат түймесін басқан кезде параметрін, кейін Күту пәрменін
таңдаңыз.
Ұйқы түймесі (тек таңдаулы өнімдерде)—Қуат пен ұйқы түймелері және қақпақ
параметрлері астында (сөзі өнімге қарай әр түрлі болуы мүмкін) Ұйқы түймесін басқан
кезде параметрін, кейін Күту пәрменін таңдаңыз.
Қақпақ (тек таңдаулы өнімдерде)—Қуат пен ұйқы түймелері және қақпақ параметрлері
(астында (сөзі өнімге қарай әр түрлі болуы мүмкін) Қақпақты жапқан кезде параметрін,
кейін Күту пәрменін таңдаңыз.
Қуат мәзіріҚазір қол жеткізгісіз параметрлерді өзгерту пәрменін таңдап, Жұмысты
аяқтау параметрлері астындағы Күту құсбелгісін қойыңыз.
Қуат мәзіріне Бастау түймесін таңдау арқылы кіруге болады.
4. Сохранить изменения (Өзгертулерді сақтау) параметрін таңдаңыз.
Күту күйін іске қосу үшін 3-қадамда қосылған әдісті пайдаланыңыз.
Күту күйінен шығу үшін, қуат түймешігін тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер күту күйінен шыққан кезде құпия сөз сұралатын етіп орнатылған болса, жұмысты
жалғастыру үшін Windows құпия сөзіңізді енгізу қажет болады.
Компьютерді өшіру (сөндіру)
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мәліметтер жойылады. Компьютерді өшірмес
бұрын міндетті түрде жұмысыңызды сақтаңыз.
Жұмысты аяқтау пәрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, соның ішінде амалдық жүйені
және дисплей мен компьютерді өшіреді.
Компьютер пайдаланылмаған және сыртқы қуат көзінен ұзақ уақыт бойы ажыратылған кезде оның
жұмысын аяқтаңыз.
Компьютерді өшіру (сөндіру) 37
Seitenansicht 48
1 2 ... 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 ... 92 93

Kommentare zu diesen Handbüchern

Keine Kommentare